Жаңалықтар

 

Кітапханашыларға арналған семинар

27.12.2018

27 желтоқсан күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханалары тәжірибесін тарату мақсатымен, мектеп кітапханасында Павлодар облысының аудандық және қалалық жалпы білім беру мектептерінің кітапханашыларына «Назарбаев Зияткерлкі мектептері кітапханаларының оқу және сауатталықты арттырудағы кең ауқымды жобаларын ұйымдастыру» атты семинар өткізілді.

Семинарға қатысушылар назарына «Тосын сый кітап», «World Cafe», «100 кітап», «Bookstart», «READx», «Book Тaste», «Memoro», «Bookcrossing» жобалары ұсынылды. Семинар барысында осы жобаларды қолданудың нәтижелері және жүзеге асыру ерекшеліктерін терең түсіну үшін практикалық түрінде ұйымдастырылды. Кері байланыс барысында жалпы білім беру мектептерінің кітапханашылары Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханашыларының семинарлары практикалық бағдарлары өте тиімді екенін атап өтті. «Семинардан көптеген алған идеяларды өз жұмысымызда қолданамыз», - дейді семинарға қатысушылар.

Поделитесь с друзьями!