Жаңалықтар

 

Bookcrossing 2016

29.11.2016

Қараша айында басталған «Bookcrossing 2016» акциясы аяқталды! Мектеп қызметкерлері мен оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде көркем әдебиет, энциклопедия, сөздіктер, анықтамалық әдебиеттер сияқты 500 жуық кітап жинады. Акция бойынша оқушылар өздерінің оқып шыққан кітаптарымен бөлісуге, басқа әдебиеттермен танысуға мүмкіндіктері бар.

 

Дәстүрлі түрде акция бойынша жиналған кітаптар облыс және қалалық, ауылдық мектеп кітапханаларына сыйға тартылады. Осы жылда таңдау Павлодар қаласындағы №37, Екібастұз қаласындағы №36 және Қашыр ауданындағы №1 Песчан орта мектептеріне түсіп, бір топ оқушылар өз қолдарынан кітаптарды сыйға тартты.

Поделитесь с друзьями!