Жаңалықтар

 

Сайын даланың Сайыны

22.10.2016

21 қазан күні мектеп кітапханасында, кітапхана қызметкерлері мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қазанбаева Аршагүл Жанбырбайқызының ұйымдастыруымен Сайын Мұратбековтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сайын даланың Сайыны» әдеби кеші өткізілді.

Әдеби кештің мақсаты – С.Мұратбековтің өмірбаяны мен шығармалары туралы ақпарат беру, жастарды кітап оқуға баулу.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылары «Жабайы алма», «Басында

Үшқараның» үзінділер оқылып, «Жусан иісі» шығарма желісі бойынша көрініс қойылды. 9D және келген көрермендер назарларына жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша викторина (http://learningapps.org/display?v=pk6b8bhd316) ұсынылды.

Поделитесь с друзьями!