Жаңа кітаптар

 

Акулалар, дельфиндер және киттер

/ Жарияланды 15.01.2014

Мұхиттар мен теңіздердегі ең ірі тіршілік иелері – киттер, акулалар және дельфиндер. Бұл алыптарды «теңіз билеушілері» десек те болады. Олардың өсуі, көбеюі, қоректенуі, өмір сүруі, тіршілік үшін күресі – бәрі-бәрі қызық. Тіпті олардың анатомиялық құрылысы туралы бұл кітапта мәліметтер берілген.  

Мен және қоршаған әлем

/ Жарияланды 15.01.2014

Аталмыш кітап табиғаттағы түрлі құбылыстар туралы, адам мен қоршаған орта арасындағы табиғи үндестік жайлы сыр шертеді.  

Жануарлар, құстар, жәндіктер. Балаларға арналған танымдық энциклопедия

/ Жарияланды 15.01.2014

Бұл кітапта жәндіктер, балықтар, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер және тағы сол сияқты жануарлардың басқа түрлері туралы мәліметтер жинақталған.  

Халықтар мәдениеті. Балаларға арналған танымдық энциклопедия.

/ Жарияланды 15.01.2014

Бұл кітапта кескіндеме және мүсін өнері, музыка, драма және би өнерінің дамуы мен тарихы, адам мен табиғат жаратқан кереметтер туралы кеңінен көрсетілген.  

Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары.

/ Жарияланды 15.01.2014

Бұл кітап Ұлы Даланың бай ауызекі шығармашылығындағы аңыздары мен көне әңгімелері жинақталған. Скиф, Ежелгі түріктердің, Асан Қайғы туралы, топонимикалық аңыздарды осы кітаптан оқи аласыздар. Жаңа туынды сіздерге көне аңыздарды зерделеп, көшпелі бабаларамыздың бағзы мәдениетін байыптап түсінуге көмектеседі.

Жанайдаров О. Мифы Древнего Казахстана.

/ Жарияланды 15.01.2014

Красочно иллюстрированная книга, в которой собраны и доступно изложены мифы народов-кочевников, обитавших в древности на территории Казахстана. Отличает данную книгу и то, что  в ней собраны и прокомментированы мифы Великой степи – обширного пространства от Енисейских просторов до степей Украины и Венгрии, где в древности также обитали скифы, гунны, древние тюрки.  

Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан әфсаналары.

/ Жарияланды 15.01.2014

Бұл кітап қазақ халқының аса қызғылықты әрі өзіндік ерекшелігі мол тарихи әфсаналарына арналған. Ежелгі Қазақстан жерінің даңқын асырған, тауып айтқан ұтқыр да шешен сөздерімен ғасырлар бойы ел жадында жатталған кемеңгер қазақ хандары мен билерінің, батырлары мен ақындарының өмірінен алынған саңлақ сақара перзенттері жайындағы әфсаналар мен аңыз-әңгімелер енгізілді.  

Бегалин Қайрат. Алтын Орда хандары.

/ Жарияланды 15.01.2014

Алтын Ордада билік құрған бізге белгілі барлық хандардың өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған. Шыңғыс хан мен оның жорықтары, Алтын Орданың құрылуы, сондай-ақ, онда билік жүргізген әмірлер жайлы да көптеген қосымша мағлұматтар алуға болады. Балаларға және ересектерге арналған бұл кітап суреттермен безендірілген, қызғылықты, жеңіл тілмен баяндалған.