Шығармашыл оқырман

Как вы думаете, что происходит с человеком, когда его переполняют чувства? Правильно, он пытается их выразить. Каждый выражает, как умеет: одни поют, другие – рисуют, а третьи – пишут стихи… На страничке «Творческий писатель» публикуются стихи учащихся и учителей Назарбаев Интеллектуальной школы г.Павлодара.

Өмірлік ұстаным

Өмірлік ұстаным

Ең бірінші – әділдік,
Содан кейін – адалдық.
Болғың келсе адам,
Жаса мұндай қадам:
Әлсіздерге көмектес,
Үлкендерге жәрдемдес!
Әділдікпен өмір сүр,
Адалдықпен өмір құр.
Кішілерді құрметтеп.
Жерге, елге адал бол.
Сонда толық боласың,
Адамның сен баласы!

Құрманғалиева Айдана 8 «В»


Моя семья

Моя семья

Моя семья похожа на кораблик,
Где мама – боцман, папа – капитан.
На нашем корабле всегда порядок,
Царит гармония, любовь и доброта.
А мы с сестрёнкой – маленькие юнги.
Мы вместе – дружный, бодрый экипаж,
И не страшны нам бури, гробы, вьюги,
Все испытанья выдержит кораблик наш.
Наш папа очень чуткий, добрый, мудрый,
А иногда бывает озорной,
Всегда поддержит в трудную минуту,
За ним мы как за каменной стеной.
А мама – очень творческая личность,
Красиво может косы заплетать.
Она картины делает из шерсти
И даже сказки может сочинять.
Сестра моя – защитница природы,
Щенков бездомных, кошек, голубей.
Про них читает сказки и рассказы
И очень любит фильмы про зверей!
Когда мы собираемся все вместе,
Нам весело, уютно и тепло.
И нам друг с другом очень интересно.
Я счастлива! С семьёй мне повезло!

Бежко Марина 7 «D»


Алтын күз

Алтын күз

Бұлттар қаптап аспанды,
Жаңбыр жауар себелеп.
Салқын самал еседі,
Міне, күз де келді деп.
Жаз мезгілі өтеді,
Суық күндер оралып.
Құстар ұшып кетеді,
Қиқу салып қоштасып.
Жапырақтар сарғаяды
Сары түске боялып.
Алтын күзге айналады,
Шаһарымыз сұлуланып.

Касанова Айымгүл 9 «С»


Шетел балалары

Шетел балалары

Бісміллахтан бастайын сөздің басын,
Аллаһты да тастамай сөз арасын.
Мына мендей ұлдарыңыз жырлайды ғой,
Қозғамасам, кім айтады сөздің расын?

Қазақтың қара домалақ балалары
Оған қоса безбүйрек аналары.
Тоғыз ай құрсағында аялап сәбилерін
Тастап кетіп барады дараларын.

Шетелдің адамдары келеді екен,
Балалар үй есігін соғады көркем.
Шетел асып кетеді біздің жастар
Сау бол деп, қош айтысып, тастап мекен.

Жесірін жылатпаған халық едік
Жетімін жылатпаймыз біздер дедік.
Шекара асып кеткен жетім жандар
Жағдайлары мәз емес ойлап көрелік.

Ата- ананың  қамқорын көре алмаған,
Өгей жандар мейірім бере алмаған.
Неге сатады балаларды шетел жаққа?
Осындай кемшілік бар бір сыздаған.

Елімізде жомарт жандар көбейсін деп,
Күні-түні ойлап соны ойлаймын кеп.
Шетелге сатып жібергенше еліміздегі
Қайырымды жандарға берейік тек.

Безбүйрек болмайықшы, асыл жандар,
Анасыздар, кең-байтақ  даласыздар.
Сіздер-ана , сіздер-жар, сіздер-қыздар
Жаны  жайсаң, ақылшы данасыздар.

Кәкен Әкежан 11 «А»


НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБI

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБI

Назарбаев Зияткерлiк мектебi  ­
Арманымның орындалар мекені.
Қазақстан - байтақ ел ғой еңселі,
Бұл мектебім - жастығымның ертеңі.

Бұл мектепте оқып жүрмiн, оқимын.
Бiлiм нәрін журегiме тоқимын.
Елбасының үмітін мен ақтауға
Жас ұланның адал сөзiн бергенмiн.

Жатақхана туған үйдей боп кеттi,
Екі тоқсан оқуымда тез өттi.
Тәрбиешілер болған сынды аналар
Арманыма жетелейтiн кез келдi.

Арманым менің - бұл мектептi бiтiру,
Адалдық пен адамдықты ту ету.
Ата-анамның маған артқан үмітін,
Ақтап азамат боп ер жету.

 

Рымханов Айхан 8 «А»


Досыма

Досыма

Досым, қандай қызық, асыл жансың!
Жан досым, қалықтап жүрген сен қырансың.
Сенің жаның, менің жаным егіз екен,
Қыран бүркіт биіктерге шарықтасын.

Аяулы алақының алыстағы,
Қол сермеп, арамыз қашықтады.
Мен жырақта білім алып жүргенімде,
Сені ойлап, жан досым, жүрегім құлазыды.

Сан сұрақтар жүрегімді жаулап алды,
Екінші тоқсан, міне, тез-ақ аяқталды.
Ғылым – білім қымбат екен-ау, достым
Ұғамысын, сенің досың көп қиналды.

 

Файзуллина Айзада 11 «А»


Махаббат

Махаббат

Жаным менің саған тек жақын екен!
Мүмкін бұл махаббаттың басы ма екен?
Тасытатын жүректі жасытатын,
Сағыну бір өзіңді бақыт екен!

Қимайды өзіңді, көңіл шіркін,
Сыр бермейсің десем де, ішім түтін.
Өзіңді көре алмасам ертең не кеш.
Шыдап жүре алмаспын менде бір күн.

Сүйген жаным сен едің,
Өзіңе мен сенемін.
Сен алыста жүрсең де,
Сезіміңді сеземін.

Сен туралы түс көріп,
Бар ғаламды кеземін.
Сені ғана ойлаймын,
Сеніменен біргемін.

 

Манапова Нұрай 9 «А»


Анама

Анама

Анашым, бағыт сілтер бағдаршамдай,
Ақылың ұмытылмас шекер-балдай.
Түнекті түріп ашып, жарық берген,
Жолыма бағыт берген, атқан таңдай.

Анашым, асыл жанды, ардақтымсың,
Осы өмірде сен маған қымбат жансың.
Кей-кейде шалқып айтар әнімдесің,
Анашым, мақтан тұтар жақынымсың.

Анашым, шалқып айтар сағынышым,
Сағынғанда жырлар айтар әнімдесің.
Сізді ойлап, сағынып, жүрек тулап,
Анашым, мұның бәрі жалған емес, бәрі де шын!

 

Кәкен Әкежан 11 «B»


Достық

Достық

Достарым менің, достарым!
Еш уақытта асықпа!
Қандай жағдай болмасын,
Біз біргеміз ұмытпа!

Достық деген – ұлы сезім,
Ешқашанда өшпейтін.
Достығымыз берік болсын,
Берік болсын, нәзік сезім!

Амал достық ертеңі,
Жақсылыққа әкелмес.
Адал достық ертеңі,
Қиындыққа әкелмес.

 

Жунусова Әлима 9 «A»

Поделитесь с друзьями!